Түркістан облысында ауыр жүк көліктеріне 50 млн теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ 232 млн теңге жол алымы өндіріліп, мемлекеттік бюджетке түсті. Көліктік бақылау инспекциясының мәліметінше, оның көбі автоматтанырылған өлшеу құралдары арқылы салмағын тіркетпеген. Инспекторлар заңда белгіленген нормадан 1 тонна асырып тауар тиеген жүк жөнелтушілерге де 5 млн теңгеге жуық айыппұл салған. Сонымен қатар ақылы жолдардың ақысын уақытылы төлемегендерге қатысты 74 іс тіркелген. ұлттық сапа орталығының мәліметінше ауыр жүк көліктерінің кесірінен республикалық автожолдарға орасан зор зақым келеді.