Түркістан
EN

«Сырдария-Түркістан» табиғи паркінің туристік мүмкіндігі артады

227
01.07.2024

Түркістан маңындағы Қарашық өзенінің маңынан табылған қыш күйдіретін пештің орны жұртшылықтың назарын аударатты. Маусым айынан бері жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде  археолог Мадияр Елеуов мұнда қыш өндірісінің болғанының дәлелдеп отыр. Аталған тарихи орынға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы барып, тарихшылармен, туризм өкілдерімен пікір алмасты. Аймақ басшысы көне пешті қорғап, зерттеп, туристік және тарихи орынға айналдыру керек, дейді.  Айта кетейік, табылған құмбыздың іргесі бұзылмай сақталған. Қай ғасырға тиесілі екені енді анықталады. Ғалымдар Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің кірпіші осы пеште құйылған болуы мүмкін деген болжамды да зерттеп жатыр.