Түркістан
EN

Тұран футбол клубының жасөспірімдері республикалық турнирден жүлделі оралды

234
28.06.2024

Түркістандық «Тұран» футбол клубының жасөспірімдері республикалық турнирден жүлделі оралды. 2010 жылғы футболшылар Қонаев қаласындағы бәсекеде 8 команданың арасында 2-орынды иеленген. Жүлдегерлерді Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев арнайы құттықтады. Сондай-ақ команданы бастап барған жаттықтырушыларға алғысын білдірді.