Түркістанда журналистер одағының мүшесі, тележурналист Роза Нарымбетованың «Журналистика – менің өмірім» атты портреттік кеші өтті. Айта кетсек, Роза Сыздыққызы Түркістан қаласының тумасы. Алғашқы еңбек жолын «Көкшетау правдасы" газетінен бастаған. Зейнетке шығып, жасы жетпісті алқымдап қалса да, әлі күнге дейін еңбектен қол үзбеген. Күні бүгінге дейін Түрленген Түркістанның қоғамдық - саяси, мәдени өмірінің тың жаңалықтарын жазып келеді. Қарымды қалам иесі талай жыл сыңғырлаған дауысымен жаңалық та жүргізген. Портреттік кеште оған журналистикаға сіңірген еңбегі үшін арнайы «Қазақстанның құрметті журналисі атағы берілді.