Түркістанның ең үлгілі ауласы анықталды. Айта кетсем, арнамыз сәуір айында байқау жариялаған еді. Бұл жобаға 20-дан астам отбасы қатысып, өзінің ауласын таныстырды. Оның ішінде ерекше деп танылған Меруерт Тасболатқызының ауласы ең үлгілі деп танылды. Жоба жеңімпазына телеарна ұжымы атынан 100 000 теңге жүлделі сыйақы берілді. Жалпы үлгілі аула байқауы Turkistan телеарнасының ұйымдастыруымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді.