Түркістан
EN

Отырар ауданының әкімі тағайындалды

480
28.06.2024

Түркістан облысының Отырар ауданына жаңа әкім тағайындалды. Енді бұл қызметті Қайрат Жолдыбайұлы атқарады. Жаңа әкімді ауданның активіне облыс әкімі Дархан Сатыбалды таныстырды. Аймақ басшысы өңірдің жаңа жетекшісінің  жұмысына сәттілік тілеп, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту міндетін жүктеді. Басты міндет - тарихи өңірді жайлы да көрікті мекенге айналдыра отырып, ауданға түсетін табыс көзін арттыру керектігін ескертті.