Түлкібас ауданында тұралап тұрған кәсіптерді дамытуға мүмкіндік мол. Қазір түрлі себеппен жабылып қалған өндіріс орындарына облыс әкімдігі тарапынан инвесторлар тартылып, жұмыс қайта жанданған. Солардың бірі бидай өңдеу зауыты. Бүгін ауданға арнайы сапармен барған облыс әкімі Дархан Сатыбалды солардың бірқатарымен танысты.