Түркістан
EN

Ақдала ауылының тұрғындары жаппай тазалық шарасын өткізді

157
27.06.2024

Арыс қаласына қарайтын Ақдала ауылының тұрғындары жаппай сенбілікке шықты. Таң атпастан қолдарына құрал-саймандарын ұстап, тазалық шарасына кіріскен жұрт күл қоқысты жинап, жол жиегіндегі арамшөптерді шапты. Барлығы арнайы көлікке тиеліп, полигонға шығарылды. Игі іске біріккен тұрғындар аталған іс-шараны тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.  Айта кетейік «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы аясында облыс аумағында тазалық жұмыстары жалғаса береді.