Түркістан
EN

Ақмола облысындағы жарылыстан 3 адам мерт болды

73
18.11.2021

Ақмола облысына қарасты Шортанды ауылында жарылыс болып, үш адам мерт болды. Тағы 10 адам зардап шекті. Өкінішке қарай, қатты күйіп қалғандардың бесеуі – бала. Оқиға кеше кешкі 9 жарымда болған. Бір қабатты 3 пәтерлі үйде газ жарылып, артынан өрт шыққан. От жалпы аумағы 350 шаршы метрді шарпыған.

Оқиға орнынан 3 адамның, яғни, 1 әйел мен 2 баланың денесі табылды. Құтқарушылардың сөзінше, жарылыстан зардап шеккендердің бәрі бір пәтерде болыпты. Апат болған сәтте балалардың біреуі сыртқа шығып кетіп, аман қалған. Қазір өрт болған аумақ қоршалып, оттың нақты неден және қалай тұтанғаны бойынша зерттеу жұмыстары жүріп жатыр.