Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесіне орай ұйымдастырылған «Шаңырақ» байқауының жеңімпаздары анықталды. Әлеуметтік желі қолданушылары арасында өткен байқаудың негізгі мақсаты - өңіріміздегі этносаралық достықты қалыптастыруға атсалысу, қоғамдық келісім мен бірлікті бекемдеу, еңбек адамдарының өмірін дәріптеу болатын.