Ақтауда теңіз жағалауында тазалық жұмыстары жүріп жатыр. Каспий түбінен балдырлар, лай, тастар мен ірі қоқыстар шығарылған. Тазалық жұмыстары тұрғындар шомылатын аумақтарда да жүргізілуде. Мердігер компания теңіз жағалауын реттеу жұмыстарын арнайы бекітілген кестеге сәйкес атқарып жатыр. Аталмыш жұмыс 30 шақырымға жуық аумақты қамтиды. Каспий жағасында демалушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында тазалық жұмыстары теңізге жақын орналасқан шағын аудандардан бастап лагерлерге дейін жалғасады. Тазалық жұмыстарын бір ай үздіксіз жүргізу көзделіп отыр.