Биыл Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 30 жыл. Осыған орай Түркістан облыстық мәслихаты журналистер арасында байқау жариялаған болатын. Конкурсқа аймақтағы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері белсене қатысып, 30-ға жуық өтінім келіп түскен. Комиссия мүшелерінің шешімімен «Айғақ» телеарнасының тілшісі Арайлым Әбсаматтың материалы үздік деп танылды. Жеңімпаз 1 млн теңге көлемінде қаржылай сыйлықпен марапатталды. Ол өз материалында Тәуелсіздік алғалы бергі мәслихаттың атқарған жұмысын қамтыпты. Ал 3-орынға 300 мың теңгенің сертификаты табысталса, 2-орынға 500 мың теңге берілді.