Түркістан
EN

Түркістанда корейлік «Woosong» университетінің филиалын ашу жұмыстары басталады

308
26.06.2024

Түркістанда корейлік «Woosong» университетінің филиалын ашу жұмыстары басталады. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Вусонг» білім беру қорының құрметті төрағасы Ким Сун Кюнмен кездесті. Қос тарап әріптестікті нығайту жолдарын талқылап, Түркістанда университеттің филиалын ашу бойынша келісімге қол қойды. Өңір басшысы бұл қадам облыстың білім беру жүйесінің дамуына зор үлес қосары сөзсіз, - деді.