Түркістан
EN

Жамбыл облысында дүлей дауылдан үйлердің шатыры ұшып, көліктерге зақым келді

75
18.11.2021

Жамбыл облысында да дүлей дауыл тұрып, қаланың астаң-кестеңін шығарды. Жойқын желден облыс орталығында жарық сөніп, талдар құлап, көшеде жүру қауіпке айналған. Сондай-ақ  қатты жел көпқабатты тұрғын үйлердің шатырларын ұшырып, ағаштар құлап, көліктер бүлінді. Әлеуметтік желіге тараған видеода тіпті желдің екпінінен Газель көлігінің аударылып қалғанын көруге болады.

Одан бөлек алыс-жақын маңдағы аудандарға қатынайтын жолдар жабылған. Бүгін Шымкентте де бұрқасын салдарынан 20-дан астам шағын аудан жарықсыз отыр. Коммуналдық мекеме күшейтілген режимге ауысты. Ал қала мектептерінде екінші ауысымның оқушылары онлайн форматқа көшірілді.