Алматыда автобус дүкенге соғылды. Салдарынан 1 адам оқиға орнында көз жұмып, 25-сі зардап шеккен. Алдын ала мәлімет бойынша, Kia жүргізушісі 18-ші бағыттағы автобуспен соқтығысқан. Салдарынан қоғамдық көлік жүргізушісі рульге ие бола алмай, жаяу жүргіншілер жолындағы кабинаға соғылған. Аталған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.