Қан қысымы және жүрек-қан тамыры ауруы бар азаматтарға ескертеміз, үйден шықпаңыздар. Түркістан облысына аптап ыстық келе жатыр. 27 маусым күні өңірде ауа температурасы 46 градусқа дейін жеткелі тұр. Синоптиктер мұны Ираннан жылы ауа массаларының енуімен байланыстырады. Дәрігерлер мұндай қолайсыз күн райында, денсаулыққа сақ болуды ескертіп отыр. Себебі күн астында көп жүру тері ауруларының таралуына себеп болуы мүмкін. Айта кетейік, күн Түркістан облысынан бөлек солтүстік және орталық аймақтарында күрт ысиды деп күтілуде.