Түркістан
EN

Өңірде желдің ұйытқуынан 44 елді мекен жарықсыз қалды

226
18.11.2021

Түркістан облысы қарлы дауылдың астында қалды. Бұрқасын желдің ұйытқуынан 44 елді мекенде жарық сөніп, жолдар жабылған. Тіпті кейбір мектептерде сабақ тоқтатылып, оқушыларды үйлеріне қайтару туралы шешім қабылданыпты. Ал облыстық төтенше жағдайлар қызметі шұғыл шаралар қабылдап, күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті.