Түркістан облысында қоқыс полигондарының 71%-ы санитарлық талаптарға сай келмейді. Бұл мәселе Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды. Аймақта 800-ден астам елді мекеннің тек 361-і ғана қоқыс шығару қызметімен қамтылған. 151 қатты тұрмыстық полигон орны белгіленіп, оның 32-сі аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдеріне, 76-сы ауыл әкімдерінің, қалған 43-і сенімгерлік басқаруға берілген.