Түркістан
EN

Жетісай ауданында су үнемдеу технологиясы 2 800 гектарға енгізіледі

83
25.06.2024

Жетісайлық шаруалар су үнемдеуге көше бастады. Ол үшін аймақ диқандары 2800 гектар аймаққа тың технологияны енгізбек. Жұмыстар жоспарға сай жүріп жатыр. Аудандағы 1310 гектар жерде шаруалар тамшылатып суару әдісін қолданудада. Осылайша су шығыны 2,5 есеге дейін азайып, өнімділік екі есе артқан. Мәселен Жүзімдік елді мекеніндегі бұл шаруақожалық биыл 55 гектар жерге қытайлық компаниямен бірлесіп су үнемдеу технологиясын енгізген. Кәсіпкер жұмысымыз біршама жеңілдеп қалды дейді.