Үкімет басшысы жылу маусымына дайындық жұмыстарын сынға алды. Себебі еліміздегі жылу орталықтарында жүргізілуі тиіс жұмыстардың тек 25 пайызы ғана орындалған. Премьер-министрдің мәлімдеуінше Ақмола, Ақтөбе, Атырау мен Маңғыстау облыстарында дайындық өте төмен. Тіпті биыл жылу жүйелерін жөндеу жұмыстарын ауыстыру бойынша кестеге 18 рет өзгеріс енгізіліпті. Оған әкімдіктер мен Энергетика министрлігінің келісімі де алынбаған. Олжас Бектенов министрліктер мен әкімдіктерге олқылықты жоюға 1 қыркүйекке дейін уақыт берді.