Шегірткеден шығын келген жоқ. Ауылшаруашылық министрі осылай деді. Айдарбек Сапаров айтынша, зиянкестермен күреске препаратта та, қаражат та жеткілікті. Шегіртке басып қалған өңірлерді аралап, жағдайды өзі қатаң бақылап отырғанын жеткізді. Ал былтыр бұл жәндіктер 1,5 млн гектар жерге тараған. Бірақ, оларды жоятын өнім уақытында алынбағандықтан 2,5 млн гектар жерге көбейіп кеткен. Ауылшаруашылық министрі егер шаруаларға шегірткеден шығын келсе 5 пайыз жеңілдікпен субсидия беру мәселесі қарастырылғанын айтты.