Түркістан
EN

Қайтыс болған сайрамдық құтқарушы «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

146
24.06.2024

Солтүстік Қазақстан облысына көктемгі су тасқыны кезінде көмекке барып, қайтыс болған сайрамдық құтқарушы «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Естеріңізде болса, Сайрам аудандық №6 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау прапоршигі Бекжан Балданов 2024 жылы 2 сәуірде қаза тапқан еді. Оның ерлігі Мемлекет басшысы тарапынан еленді. Еске алуға арналған жиын өтіп, «Ерлігі үшін» марапатталған марқұм Бекжан Балдановтың медалі жары Индира Қаліқұлқызына табысталды. Айта кетейік, Бекжан Қуанышұлы 1978 жылы 31 шілдеде Сайрам ауданы, Сиқым ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 2001 жылы Шымкент қаласында өрт сөндіруші қызметінен бастаған.