Түркістан
EN

Түркістан облысында 2,5 млн ірі және ұсақ малдан сынама алынды

140
24.06.2024

Түркістан облысының ветеринарлары 6 айда 2,5 млн ірі және ұсақ малдан сынама алған. Төрт түлік пен үй жануарларына 16 түрлі аса қауіпті ауруға қарсы іс-шаралар жүргізілген. Оның ішінде 13 ауруға қарсы вакцина егілген. Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде Өңір басшысы Дархан Сатыбалды төрт түлік арасында кездесетін жұқпалы аурулардың алдын алмасақ, ет экспортына да тікелей әсер етеді, деді. Жалпы биыл аса қауіпті ауруларға қарсы 30 млн дозадан астам вакцина егу жоспарланған. Ең көбі құтыруға және сібір жарасына қарсы. Бүгінде вакциналаудың 78 пайызы орындалыпты. Сондай-ақ, жыл басталғалы 21 мың бас ит пен мысық чиптеліп, «Танба» дерекқор базасына енгізіліп, есепке алынған.