«Орта есеппен жылына әр азаматтың тұтынатын 65 азық-түлік өнімі бар. Соның тек 7-еуімен ғана өзімізді қамтуға қауқарымыз жетеді». Осылай деген ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов Түркістанға арнайы келді. «Ауыл аманаты» бағдарламасының жеткен жетістіктері мен кемшін тұстарын талқылап, жетілдіру жолдарын қарады. Әрі өзі осыған дейін басшылық жасаған Ақтөбе облысынан бірқатар кәсіпкерлер мен ауыл әкімдерін ерте келіп, тындырымды тірліктер тәжірибесімен бөлісті.