Түркістан
EN

Дағыстандағы лаңкестік: Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентіне көңіл айтты

134
24.06.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстандағы православие шіркеуі мен синагогаға лаңкестік әрекеттер жасалып, соның салдарынан дін және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қаза болуына байланысты Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтты. Қазақстан Президенті құқық қорғау жүйесі арқылы жедел-іздестіру шараларын жүргізуде көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді. Мемлекет басшысы адамзатқа қарсы жасалған мұндай әрекетті үзілді-кесілді айыптайды. Айта кетсем, кеше Дербент пен Махачкала қалаларында белгісіз біреулер автомат қаруымен шіркеу мен синагоганы, сондай-ақ жол полициясы бекетін атқылаған. Террорлық акт салдарынан 15 полиция қызметкері қаза тапты. Ондаған адам жарақат алды. Осы уақытқа дейін 6 лаңкестің көзі жойылған. Осы оқиғаға байланысты Дағыстанда 3 күндік аза тұту жарияланды.