«Елімізде 2 млн бас мал мен 3 млн тонна сүт есептен шығарылады». Мәжілістегі Үкімет сағатында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров осындай мәлімдеме жасады. Айтуынша, статистикалық деректерде Қазақстанда жыл сайын 6,5 млн тонна сүт өндіріледі делінген, алайда 180 кәсіпорында оның тек 2,1 млн тоннасы ғана өңделеді. Ал елдегі шикізат тапшылығы статикалық деректерді бұрмалаудың нәтижесі. Мұны статистикалық деректерді өзектендіру бойынша арнайы жұмыс тобы анықтаған.