Түркістан
EN

Грекиядағы өрт: СІМ қазақстандықтардың қатысы барын жоққа шығарды

120
24.06.2024

Грекиядағы алапат орман өртіне Қазақстандықтардың қатысы жоқ. Бұл туралы еліміздің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстанның консулы бұл ақпарат жарияланғаннан кейін бірден Грекия билігіне хабарласыпты. Полицияның мәліметіне сәйкес, ұсталғандар арасында отандастарымыз жоқ және оларға ешқандай да талаптар қойылмаған. Естеріңізге салсам, бұған дейін қазақстандықтардың  Грекияда отшашу ұйымдастырып, салдарынан орман өртегені туралы ақпарат жарияланған еді.