Түркістан
EN

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры Түркістан қаласына гастрольдік сапармен келді

335
21.06.2024

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры алғаш рет Түркістан қаласына гастрольдік сапармен келді. Өнер ұжымы 22-23 маусым күндері Түркістан музыкалық драма театрының сахнасында өнер көрсетеді. Арнайы сапар аясында өнер ордасы рухани астана тұрғындары мен қонақтары үшін 90 жылдан бері театр репертуарынан түспей келе жатқан «Қыз Жібек» лирико-эпостық операсы мен Фридерик Шопеннің музыкасына қойылған «Шопениана» - романтикалық балет классикасын ұсынады.