Түркістан
EN

Қазақстан полициясының құрылған күніне орай салтанатты шара өтті

323
21.06.2024

Қазақстан полициясының құрылған күніне орай Түркістан қаласында салтанатты шара өтті. Жиынға Түркістан облысы Полиция департаментінің басшылық құрамы мен ішкі істер органының ардагерлері қатысты. Шара басында Мемлекеттік Ту құрметпен кіргізіліп, Әнұран шырқалды. Халықтың тыныштығы үшін қызмет етіп жүрген сақшыларға облыстың бас полицейі Мұрат Қабденов құттықтау сөзін арнап, марапаттау рәсімін өткізді.