80 адам күдіктілер қатарында. Түркістан облысының Келес, Мақтаарал, Бәйдібек, Созақ аудандық білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істер тергеліп жатыр. Бұл туралы облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев мәлімдеді. Айтуынша күдіктілердің бірқатары қамауға алынған. Ал бұл оқиғадан бюджетке келтірілген залалдың көлемі 3 млрд теңге. Қазіргі таңда департамент тарапынан қолданылған шаралардың нәтижесінде 1 мрлд.теңгеден астам қаражат облыс бюджетіне қайтарылған.