Акция Арыс қаласында да қарқынды жүріп жатыр. Теміржолшылар қаласының тұрғындары сенбілікке шықты. Шараға қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен қала жастары атсалысты. Экобелсенділер ағаш түптерін әктеп, жасыл желек түптерін арам шөптерден тазалады. Жалпы науқанның басты мақсаты – туған жерді таза ұстап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.