Тараз қаласындағы металлургия зауытынан өрт шықты. Жоғары вольтты трансформатор қызыл жалынға оранып, 80 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртті сөндіруге электр құрылғының ыдыстарында 60 тонна майдың болуы қиындық тудырыпты. Десе де құтқарушылар жақын маңдағы трансформаторлар мен зауыт ғимаратына оттың таралуына жол бермей, өртті дер кезінде сөндірген. Зардап шеккендер жоқ. Шығын көлемі есептеліп жатыр.