Халықтың әл-ауқатын көтеріп, экономиканы серпілтуге бағытталған жоспарлар көп болғанымен, еліміздің жалпы өнімінің орташа жылдық өсімі көңіл көншітпейді. Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында осы мәселе сөз болды. Депутат Нұртай Сабильяновтың айтуынша экономикамыз жылына кемінде 6 пайызға өсу керек екен. Алайда, Қазақстанның қарқыны 4-5 пайыздың төңірегінде қалып қойып отырған көрінеді. Халық қалаулысы осы мәселе бойынша Үкімет басшысы Олжас Бектеновке сауал жолдады.