Мемлекет меншігіндегі машиналарды сатып жіберген. Жамбыл облысы Талас ауданының прокуратурасы «Таза-Талас» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгерімінде тұрған автокөліктерді жымқыру фактісін анықтады. Мекеме басшылығы жалған құжаттар негізінде 4 автокөлікті үшінші тұлғаларға сатқан. Анықталғандай мемлекетке келген залал мөлшері — 22 млн теңгені құрап отыр. Қазір қылмыстық іс тергеліп, прокурорлар құны 10 млн теңгені құрайтын 2 автокөлікті қайтарып, 7 млн теңге мемлекет пайдасына өндірген. Ал мекеменің директоры және оның орынбасары мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.