Биыл Түркістан қаласында мыңдаған адам жұмыспен қамтылады. Осыған орай қалалық мансап орталығында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Жиында 80-ге жуық жұмыс беруші мекеменің өкілдері қала тұрғындарын қабылдады. Іс-шара жыл басынан бері үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Онда келушілерге әр түрлі саладағы 210 вакансия ұсынылды.