294 мыңға жуық қазақстандық қос қолына күрек таппай сандалып жүр. Бұл тек ресми түрде жұмыссызбын деп тіркелгендер ғана. Ал Түркістан облысында биыл I тоқсанда жұмыссыздар саны 41 мың 700 ге жеткен. Мәселені шешудің жолы қандай? Бүгін «AMANAT» партиясы Түлкібас аудандық филиалының мамандары Түлкібас тұрғындарымен кездесіп, оларға тұрақты жұмыс орындарын ұсынды.