Түркістан облысының құрылуы халықтың ұлттық рухын көтерді. Хандарымыз бен билеріміз жерленген топырақтың облыс орталығына айналуы қазақ халқының рухани тұрғыдан өсуіне, тарихи санасының қалыптасуына сеп болуда. Киелі мекеннің Түркі әлемінің рухани астанасы атануы жастарымызды тарихпен тәрбиелеудің бір үлгісі. Облыстың құрылғанына 6 жыл толуына орай сенатор Әли Бектаев өз тілегін осылай жеткізді. Сенат депутаты өзі еңбек еткен өлкенің тұрғындарын Түркістанның тарихи жәдігерлерін сақтауға қосқан үлесі зор деп, алғысын жеткізді.