Заңды білмеу жауапкершіліктен құтқармайды. Түркістан облысында 100 мың азамат салық декларациясын тапсырмаған. Тағы 20 мыңнан астамы табысы туралы есепті қате тапсырған. Қыркүйектің 15-не дейін аталған есепті ұсынбаған жағдайда олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Айта кетсек, биыл кәсіпкерлер мен олардың жұбайы, қандай бизнеспен айналысса да, міндетті түрде декларация тапсыруы керек. Жалпыға бірдей декларациялау жеке кәсіпкерлерге де, компания басшыларына да ортақ. Айта кетсек, аймақта барлығы 350 мың тұрғын салық декларациясын тапсыруға міндеттелген.