Түркістан
EN

Жылу орталығы жаңартылып жатыр

94
20.06.2024

Күз келгенше кенді қаладағы жылумен қамту жүйесі түгел жаңартылады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Кентау жылу орталығына барып, жөндеу жұмыстарының барысын бақылады. Жауапты мердігерлермен жолығып, жұмыс барысын пысықтады. Дәл қазір мұнда жылу көздерін қайта құрылымдау жұмыстары қызу жүріп жатыр. Негізгі қондырғылар отандық өндірушілерден, ал қосалқы жабдықтар шетелден алынуда. Кеншілер шаһарына арнайы барған аймақ басшысы жауаптыларға белгіленген жұмысты уақытылы аяқтауды тапсырды. Айта кетсек, жаңа жылыту маусымына 4 бірдей қазандық толықтай жаңадан орнатылмақ.