Бүгіннен бастап елімізде вейптерді сатуға, таратуға, және жарнамалауға тыйым салынады. 19 сәуірде бұл заңға президент қол қойған болатын. Ол бойынша темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштерді және оларға арналған сұйықтықтарды сатуға, таратуға, сондай-ақ оларды жарнамалауғаа тыйым салынады. Заңға бағынбай, вейптерді сатқандарға 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады, немесе 50 тәулікке дейін қамауға алынады. Ал оны өндірумен айналысқандарға 2000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. Немесе, 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.