Түркістан
EN

Еліміздегі ең таза қала

275
19.06.2024

Қазақстандағы ең таза қала – Ақтау. Ғарыштан түсірілген суреттерден Ақтау қаласында қоқыстың аз екені анықталған. Ал, «Таза Қазақстан» акциясы аясында мұнайшылар шаһары тіптен көркейе түсті. Іргедегі өндірістік аумақтардан 25 мың тоннаға жуық күл-қоқыс шығарылған. Бұл аумақтағы заңсыз қоқыс тастайтын жерлер бірнеше жыл жиналмаған. Республикалық акцияға әр өңірдің тұрғындары да белсенді қатысуда. Мәселен, бір ғана Маңғыстау өңірінде 600-ге жуық тарихи орындардың аумағы тазартылды. «Жасыл ел» жастары «Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінің аумағына сенбілікке шыққан.