Ата-анасы күреске бергенмен, оның бокс өнеріне аңсары ауып тұрды. Қысқа ғұмырында 143 жекпе-жек өткізіп, оның 132-де жеңіске жетті. Сүйтіп бокстан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды. Түркістанда даңқты боксшы Бекзат Саттархановты еске алу шарасы өтті. Ол үшін қазақтың аяулы ұлының көзін көрген жақын достары мен спортшылар және алғашқы бапкері арнайы келді.