Еліміздегі 2 мыңға тарта ауыл тұрғыны таза ауыз суға зәру. Тіптен кейбірі каналдың суын тұтынуға мәжбүр. Түйткілді мәселе 2025 жылға дейін түбегейлі шешілуі тиіс. Президенттің тапсырмасы осы. Тоқпағы қатты болған соң, қазір саладағы жұмыстар жүйеленіп, көрсеткіш жыл өткен сайын жоғарылап келеді.