Биыл еліміз туризм саласына ерекше ден қойып отыр. Бұл әсіресе балалар туризміне қатысты. 2 млн 900 мыңға жуық оқушы жаздың 3 айын лагерлер мен сауықтыру кешенінде өткізеді. Енді, мамандар балалар турзимін одан әрі дамытудың жолын қарап жатыр. Ұсыныстар күні кеше Төлеби ауданында өткен «Тарихқа тұнған Төлеби – дәстүрімнің қаймағы» атты көшпелі семинарында айтылды.