Түркістанда әуежай салуға қарсылық білдіргендер де болды. Түркістан облысының құрылғанынан 6 жыл толуына орай өңірдің ең алғашқы әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы сұқбат берді. Рухани шаһарды облыс орталығына айналдыру жолында кездескен қиындықтарымен бөлісті. Түркістанда туризмді дамытудың ең негізгі тетігі – инфрақұрылымдық жобаларды қолға алудан басталғанын айтты. Түркі әлемінің рухани орталығын өзге өңірлермен, алыс-жақын шетелмен байланыстыруда әуежай салудың маңызды болғанын жеткізді.