Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында 5 қабатты 20 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Оның құрылысы аяқталса, 2 мың отбасы баспаналы болмақ. Облыс орталығындағы құрылыс алаңдарын аралаған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мердігерлермен кездесіп, бірқатар тапсырма берді.