Түркістан
EN

Манкент ауылында ірі ет комбинаты ашылмақ

102
19.06.2024

Сайрам ауданындағы Манкент ауылында ірі ет комбинаты ашылмақ. Кәсіпорын тәулігіне 500 ірі қара мал мен 600 ұсақ малды сойып, еттің 70 пайызын экспортқа шығаруға ниетті. Сонымен қатар, келесі жылы серіктестіктің 5 000 бас малға арналған бордақылау алаңы бой көтереді. Бүгінде ет комбинатының құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Ол 2025 жылдың қыркүйек айында қолданысқа беріледі деп күтілуде. Бір ерекшелігі, өндіріс орнында ешқандай қалдық қалмай, малдың басынан бастап, ішек-қарын, сирағы мен сүйегіне дейін пайдаға асады.