Түркістан
EN

Әлімтау ауылында мал азығы тапшы

202
17.11.2021

Биыл қуаңшылықтан  Әлімтау ауылы қатты зардап шекті. Қазір елдімекенде шамасы жеткендер жем-шөбін алып, қарекет етуде. Ал,  өзгелерінің малы ен далада қара топырақты қазып  жүр. Жайылым болса  өлекселерге толып кеткен. Оны қарап, не жинап жатқан ешкім жоқ. Әкімдік бұл мәселені қалай шешпек?