Қазақ поэзиясының құлагері Ілияс Жансүгіровтің туғанына биыл 130 жыл. Қазақ әдебиетінің классигі, жазушы, драматург, аудармашының еңбегі әлі күнге дейін құнды. Бүгін Түркістанның төрінде алаш ардақтысының аты аталып, өңірдің әдебиетшілері бас қосты. Қаламгердің жырларымен сусындаған жас өрендер туған жер өлеңін жатқа айтты.