Түркістан
EN

Қазақстан халық партиясының құрылғанына 20 жыл толды

139
18.06.2024

Қазақстан халық партиясының құрылғанына 20 жыл толды. 2004 жылы құрылып, еліміздегі ең өзекті мәселелерді парламент қабырғасында көтеріп келе жатқан партияның бүгінде ауқымы кең. Түркістан облыстық филиалы да бұл мерекені атап өтті. 20 жылда атқарылған еңбектерге шолу жасады. Бүгінде олар облыстың ең басты проблемасы жұмыссыздық, әйелдердің зейнет жасын төмендету, артспортты дамыту, жастарды қолдау жайын заң шығарушы органдарға жеткізіп жүр. Бүгінде партияға облыстан 5 мыңнан аса азамат мүше.